Skip to main content

Жоба туралы

Мұнда Сіз "Такеда Қазақстан" ЖШС арқылы ұсынылған дәрілер мен қатысты аурулар туралы өзекті ақпаратты таба аласыз. Бұл жоба Сіздің маңызды қызметіңізге қолдау ретінде ең заманауи мәліметтерді ұсынуға бағытталған.

takeda office

Компания туралы

"Takeda" компаниясы ("Takeda Pharmaceutical Company Limited") – алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерге бағдарланған халықаралық фармацевтикалық компания. Takeda-ның мақсаты - заманауи ғылымның жетістіктерін қолдана отырып, адамдардың өмірін құтқаратын дәрілік препараттар арқылы науқастардың денсаулығына қамқорлық жасауға тырысу.

Орталық кеңсесі Алматыда орналасқан "Такеда Қазақстан" ЖШС, "Takeda Pharmaceutical Company Limited" құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан аумағында 20 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. "Такеда Қазақстан" компаниясының негізгі басымдықтары - ол әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу және емдеу бағдарламаларын қолдау, пациенттердің компания препараттарына қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ медициналық қауымдастықтың иммунология, онкология, гастроэнтерология, гематология, сирек генетикалық аурулар сияқты терапевтік бағыттардағы инновациялық емдеу тәсілдеріне қатысты білімін арттыру.