WAO/EAACІ халықаралық нұсқаулығы туралы
2022 жылғы WAO/EAACI нұсқаулығы тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінуді (ТҚАНІ) диагностикалау және емдеу саласындағы әлемдік стандарт ретінде танылған.
Нұсқаулықтың негізгі артықшылықтары:

Сарапшылардың ынтымақтастығы
Нұсқаулық аллергология, иммунология және ангиоісінулер бойынша әлемдік жетекші мамандармен әзірленді, бұл оның сенімділігін қамтамасыз етеді. Оны әзірлеуге 28 елден 90-нан астам сарапшы қатысты.

Деректерге негізделуі
Барлық ұсынымдар мұқият жүйелендірілген шолуларға және жоғары сапалы клиникалық деректерге негізделген.

Консенсус әдісі
Ұсынымдарды халықаралық қатысушылар арасында келісу үшін DELPHI әдісінің айқын әрі көпсатылы тәсілі пайдаланылды.

Жалпы қолданысқа сәйкестік
Нұсқаулық ұлттық денсаулық сақтау жүйелеріндегі айырмашылықтарды ескеріп, ТҚАНІ-ні емдеудің әмбебап стандартын құруды қамтамасыз етеді1.

ТҚАНІ I/II типтері сирек кездесетін (орфандық) аурулар болғандықтан, бұл жағдайлардың менеджменті және емі шабуылдардың алмастыру терапиясы немесе ТҚАНІ профилактикалық агенттерімен шектелуі мүмкін1.