Рефрактерлі/Резистентті ЦМВ инфекциясы
Про заболевание
Цитомегаловирус (ЦМВ) — бұл қос тізбекті ДНҚ-ны қамтитын вирус, Herpesviridae вирустар тұқымдасының мүшесі1. ЦМВ биологиялық сұйықтықтар (мысалы, қан, сілекей, шәует, несеп), трансплантацияланған тіндер/ағзалар арқылы немесе анадан құрсақтағы балаға жұғады1.
Алғашқы жұқтырғаннан кейін ЦМВ адам ағзасында өмір бойғы латенттілікті орнатады. Сондай‑ақ вирустың басқа штамымен жұқтыру мүмкін1.
Иммунитеті қалыпты адамдарда ЦМВ инфекциясы, әдетте, симптомсыз немесе жеңіл түрде өтеді, вирусты ұйқы күйіне (латентті фазаға) ауыстырады1.
Латентті ЦМВ
қабынуға, басқа инфекцияға, стресске немесе иесінің иммунитетінің әлсіреуіне (иммуносупрессияға, мысалы, солидті ағзалар трансплантациясынан (САТ) немесе гемопоэтикалық дің жасушалары трансплантациясынан (ГДЖТ) кейінгі пациенттерде) жауап ретінде реактивациялануы мүмкін1.
Эпидемиология:
30-90% ЦМВ жалпы популяция арасында кеңінен таралған1.
ДДҰ (WHO) статистикасы бойынша әлемде жыл сайын 100 000-нан астам САТ және 84 000-нан астам ГДЖТ жасалады2.
Трансплантат реципиенттері латентті ЦМВ инфекциясының реактивациясы қаупі тобына кіреді,
- жиілігі САТ-тан кейінгі пациенттерде 16-56% және
- ГДЖТ-дан кейін 30-70%, сәйкесінше3,4.
ЦМВ инфекциясы бар реципиенттерде қауіптің жоғарылауы байқалады:5,6
Трансплантаттың қабылданбауы
Басқа оппортунистік микроорганизмдер тудырған инфекция
Өлім-жітім
ЦМВ инфекциясының қауіп факторлары
Реципиенттерде ЦМВ инфекциясының қауіп факторлары
трансплантацияланатын ағза, иммуносупрессияның қарқындылығы және серостатус болып табылады7,8:
Серостатус
(Донор/Реципиент)
+ / –
+ / + или – / +
– / –
Қауіп деңгейі
Жоғары
Орташа
Төмен
ЦМВ зақымдануының клиникалық түрлері9:
01
ЦМВ инфекциясы:
Адам ағзасындағы кез келген тінде немесе сұйықтықта ЦМВ-ның кез келген антигендерін немесе нуклеин қышқылдарын (ЦМВ-виремия) анықтау.
02
ЦМВ-ауруы:
Инфекция симптомдарымен қатар жүретін ағзада ЦМВ-ны анықталуы.
ЦМВ-синдромы:
Нысана-ағзалардың ЦМВ-мен зақымдануы – клиникалық белгілері бейспецификалық болып келеді.
Төмендегі критерийлердің кемінде екеуі болған жағдайда:
- Дене қызуы ≥38˚ C кемінде ≥2 күн бойы
- Шаршаудың немесе қажудың пайда болуы немесе күшеюі
- ≥24 сағат аралықпен жасалғын екі бөлек бақылауда лейкопения немесе нейтропенияның болуы
- атипиялық лимфоциттер ≥5%
- Тромбоцитопения
- Бауыр аминотрансферазалары деңгейінің жоғарылауы (АЛТ, АСТ)
Рефрактерлі ЦМВ инфекциясы:
ЦМВ-ға қарсы вирусқа қарсы терапияның адекватты терапевтік дозасын 2 апта қолданғаннан кейін клиникалық жауаптың болмауы және виремияның 10 есе (1 log10) артуы10.
Резистентті ЦМВ инфекциясы:
UL97, UL54, UL27, UL51, UL56 және UL89 гендерінде бір немесе бірнеше ЦМВ-ға қарсы дәрілерге сезімталдықты төмендететін мутациялардың болуы10.
Трансплантациядан кейін рефрактерлі/резистентті ЦМВ инфекциясының дамуының қауіп факторлары11:
Клиникалық маңыздылығы: Рефрактерлі немесе резистентті ЦМВ инфекциясы бар пациенттерде мыналар байқалады11:
ЦМВ-мен байланысты ағзалардың зақымдану жиілігінің жоғарылауы
ЦМВ-мен байланысты өлім-жітімнің артуы
Қайта госпитализация жиілігінің артуы
Жалпы өлім-жітімнің жоғары болуы
Рефрактерлі және резистентті ЦМВ инфекциясының таралу көрсеткіштері шамамен осылай бағаланады12:
3–10%
солидті ағза реципиенттері арасында
11,3–50%
гемопоэтикалық дің жасушалары трансплантациясының реципиенттері арасында
Зертханалық диагностика12:
ИФА (скрининг)
- Жіті кезеңде – IgM-нің болуы
- Хроникалық/жасырын инфекцияда – IgG-нің болуы
Полимеразды тізбекті реакция (ПТР)
Диагностикалаудың кең қолжетімді, жылдам және сезімтал әдісі.
- сапалық ПТР серостатусты анықтау үшін
- сандық ПТР сонымен қатар вирусқа қарсы терапияға жауапты динамикада бағалауға мүмкіндік береді
Клиникалық зерттеулер деректері бойынша ауруды симптомсыз виремиядан ажырататын шекті мәндер: солидті ағзалар трансплантациясы үшін - >1700 МЕд/мл, алло-ГДЖТ үшін - >1350 МЕд/мл13.
ЦМВ pp65 антигенемиясын анықтауға арналған ИФА
ЦМВ pp65 антигені – бұл ЦМВ-ның құрылымдық ақуызы, ол белсенді ЦМВ инфекциясы кезінде перифериялық қан лейкоциттерінде иммунофлуоресценттік бояу әдісімен анықталады. Нәтиже есептелген лейкоциттер санына шаққандағы pp65-оң жасушалар саны ретінде көрсетіледі.
Иммуногистохимиялық және гистологиялық диагностикалау әдістер
ЦМВ антигендері және цитопатиялық өзгерістер тіндерде ИГХ және ИФА арқылы анықталады. Биопсия материалы, мұздатылған кесінділер және/немесе жасушаларды центрифугалау қолданылады.
Дереккөздер:
- Crough T, Khanna R. Clin Microbiol Rev. 2009;22:76–98, doi:10.1128/CMR.00034-08.
- Transplant Observatory. Accessed January 13, 2026. https://www.transplant-observatory.org/
- Niederwieser D, et al. Blood. 2019;134:2035, doi:10.3324/haematol.2021.279189.
- Styczynski J. Who Is the Patient at Risk of CMV Recurrence: A Review of the Current Scientific Evidence with a Focus on Hematopoietic Cell Transplantation. Infect Dis Ther. 2018;7(1):1-16. doi:10.1007/
s40121‑017‑0180‑z. - Felipe CR, Ferreira AN, Bessa A, et al. The current burden of cytomegalovirus infection in kidney transplant recipients receiving no pharmacological prophylaxis. J Bras Nefrol. 2017;39(4):413-423. doi:10.5935/0101-2800.20170074.
- Katabathina V, et al. Radiol Clin North Am. 2016;54:303–19 doi:10.1016/j.rcl.2015.09.009.
- Ramanan P, Razonable RR. Infect Chemother. 2013;45:260–71, doi:10.3947/ic.2013.45.3.260.
- Kotton CN, et al. Transplantation. 2018; 102:900–31, doi:10.1097/TP.0000000000002191.
- Ljungman P, Boeckh M, Hirsch HH, Josephson F, Lundgren J, Nichols G, Pikis A, Razonable RR, Miller V, Griffiths PD; Disease Definitions Working Group of the Cytomegalovirus Drug Development Forum. Definitions of Cytomegalovirus Infection and Disease in Transplant Patients for Use in Clinical Trials. Clin Infect Dis. 2017 Jan 1;64(1):87-91. doi: 10.1093/cid/
ciw668. Epub 2016 Sep 28. PMID: 27682069. - Khawaja F, Spallone A, Kotton CN, Chemaly RF. Cytomegalovirus infection in transplant recipients: newly approved additions to our armamentarium. Clin Microbiol Infect. 2023;29(1):44-50. doi:10.1016/
j.cmi.2022.07.0012. - Aguado JM, Navarro D, Montoto C, Yébenes M, de Castro-Orós I. Incidence of refractory CMV infection with or without antiviral resistance in Spain: A systematic literature review. Transplant Rev (Orlando). 2024 Jan;38(1):100804. doi: 10.1016/j.trre.2023.100804. Epub 2023 Nov 6. PMID: 37949797.
- Razonable RR, Humar A. Cytomegalovirus in solid organ transplant recipients — Guidelines of the American Society of Transplantation Infectious Diseases Community of Practice. Clin Transplant. 2019;e13512.
- Dioverti MV, Lahr BD, Germer JJ, Yao JD, Gartner ML, Razonable RR. Comparison of Standardized Cytomegalovirus (CMV) Viral Load Thresholds in Whole Blood and Plasma of Solid Organ and Hematopoietic Stem Cell Transplant Recipients with CMV Infection and Disease. Open Forum Infect Dis. 2017;4(3):ofx143. Published 2017 Jul 8. doi:10.1093/ofid/ofx143.
VV-MEDMAT-134656
2026 жыл, наурыз айы